Жаңа жылдан бастап 8 медициналық анықтама электронды түрде беріледі

Фото: med.mcfr.kz
Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап 8 медициналық анықтама электронды түрде берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп жазады Egemen.kz.

Енді еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде беріледі. 

Анықтамалар пациенттің келісімімен электрондық анықтамалар талап етілген мекемеге жіберіледі. 

Министрлік осы қызметтерді электрондық форматқа көшіру үшін қазіргі уақытта «Амбулаториялық-емханалық көмек» АЖ арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті. 
 
Электронды түрде берілетін 8 медициналық анықтама: 
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- 075 / е «Медициналық анықтама»
- 026 / е «ДКК қорытындысы»
- 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»
- 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»
- 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»
- 076 / е «Қаруға рұқсат алу»
- 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT