«ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖҰМЫСТЫ ЖЕҢІЛДЕТТІ»

Түрлі салада жұмысшы мамандықтарда еңбек етіп жүрген азаматтардың ә р қ а й с ы с ыны ң жолы әртүрлі. Сол мамандықтардың ішіндегі бірі де бірегейі Қазақстанның мұнай сала сында салалық инфрақұрылымдарды өркендету, елімізде өндірілетін жалпы мұнай көлемін арттыру бағытында тер төгіп жүрген сала өкілдерінің жөні бөлек. 

Ауданымызда құрылғанына 55 жыл дан асқан Атырау мұнай құбыры басқармасына қарасты «Индер» мұнай айдау стансасы жұмыс жасайды. Та рихы өткен жылдардың ортасынан басталатын бұл кәсіпорын бүгінде «ҚазТрансОйл» АҚ құрамындағы байырғы құрылымдардың бірі сана лады. Бүгінгі кейіпкеріміз Дәуітов Әділбек Зәмзәмұлы аталған стансада оператор болып жасайды. Ол Еуразиялық орталық универси тетте мұнай саласындағы инженер технолог мамандығын меңгерген соң 2002 жылы осы стансаның техникалық қондырғылар операторы болып еңбек жолын бастайды. Станса – мыңдаған шақырымға созылған құбыр бойымен Маңғыстау мен Атыраудың «қара алтынын» Самараға жеткізуге елеулі үлесін қосып отырған маңызды стратегиялық нысандардың бірі. «Өзен-Атырау Самара» магистральды мұнай құбырының Индер ауданы, Елтай ауылының аумағында орналасқан нысанның әлеуеті жоғары. Жеті қат жер астынан өндірілген мұнайдың мыңдаған шақырымдарға созылған магистральды құбыр бойымен тиісті жеріне межелі мерзімде қауіпсіз жеткізілуін Әділбек Зәмзәмұлы бақылай алады.

Иә, қажырлы еңбек еткен әр адам өз саласының майталманы бола алады. Сондықтан әр бала мектепте оқып жүргеннен-ақ келешекте қандай маман иесі болатынын бағамдай білгені аб зал. Ал біз үнқағаз арқылы еңбек адам дарын, жұмысшы мамандық иелерін жан-жақты дәріптей бермекпіз.

Жадыра Нариманова

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT