АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның 6-отырысында айтты.
Өз сөзінде спикер Конституция жобасында сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне, зияткерлік меншік ұғымына қатысты ережелер толығымен қолдау тапқанын айтуда.
− Банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің және байланыс құралдарындағы өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалатыны ерекше көрсетіліп отыр. Бұл цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін хабарламаларға да қатысты, − деді Бақыт Нұрмұханов.
Еске сала кетсек, Конституциялық комиссияның 6-отырысында жаңа Конституция жобасы таныстырылды.
Жаңа Конституцияның жобасында «Президент» бөліміне мүлде жаңа ережелер енді.
Құрылтай төрағасының лауазымына қатысты мәселелер жеке бапта реттелді.
Сондай-ақ, Жаңа Конституцияның жобасында Үкіметтің қызметіне арналған нормалар нақтыланып жатыр.



