ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУЫНА БАСТАР МЫҚТЫ ҚАДАМ.

Бүгін Ақжайық дене шынықтыру кешенінің ұжымымен Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті. Бұл құжат – әр азаматтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды құқықтық негіз. Сондықтан аудандық коалиция өкілдері кездесуді ашық форматта өткізіп, оның мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қоғамға берер стратегиялық мүмкіндіктерін кеңінен талқылады. 

Аумақтық коалиция мүшелері Қонысбай Аманиязов және Сайлау Жұмағалиев жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл бастамаларын баяндады.
«Бірлік болса, кез келген белесті бағындыруға болады. Сондықтан біз бірлескен жұмысқа әрқашан дайынбыз», – деді Қонысбай Аманиязов.

Жиын барысында «Ақжайық мәдениет үйі» БПҰ төрағасы Сайлау Жұмағалиев жергілікті басқару тиімділігін арттыру, халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту, билік тармақтары арасындағы теңгерімді сақтау және қоғамдық бақылау механизмдерін жетілдіру мәселелері кеңінен талқылады.

Бұл кездесулер Жаңа Конституцияның құндылығын көрсетуге және халықпен нәтижелі кері байланыс орнатуға жағдай жасайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT