Жаңа партиялардың құрылуына жол ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісін таратып, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтеді. Мемлекет басшысы бұл туралы өткен жылдың күзінде жариялаған Жолдауында айтқан болатын. Саяси партиялар мен үміткерлерге дайындық үшін жеткілікті уақыт берілді. Бұл кезектен тыс сайлау Ата заңға енгізілген өзгерістердің жалғасы десекте болады. Сайлау жүйесіндегі өзгерістер негізінде Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалды және 30 пайызы мажоритарлық негізде болады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихатдепутаттары аралас жүйе бойынша сайланады. Яғни, депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді.

Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс бере алады. Осыдан кейін мәжіліс пен мәслихаттардың құрамына түрлі көзқарастағы азаматтар келеді, бұл өз кезегінде еліміздегі азаматтық қоғамның дамуына мүмкіндік береді. Тағы бір айта кетерлік жаңашылдық партия мүшелерінің санына қатысты талаптың өзгеруі дер едім. Бұрын партияның аймақтардағы өкілдерінің саны кемінде 600 адам болу керек болса, енд ол 200 адамға дейін төмендеді. Осының нәтижесінде бірнеше жаңа саяси партиялар құрылды. Мұның барлығы демократиялық дамуға бағытталған өзгерістер деп білемін. Сондықтан аудан халқын сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді сақтауға, ұйымшылдық танытуға шақырамын!

Самат Жайлашев,

аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT