Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша азамат Ж.К.-ке қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Ж.К. алкогольдік масаң күйде жәбірленуші-анасы Ж.С-ға былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсетіп, отбасы тыныштығын бұзған. Бұл әрекетті бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған. Сотта құқық бұзушы Ж.К. өз кінәсін мойындап, болашақта бұндай әрекеттерді қайталамайтынын айтып, кешірім сұрады.
Жәбірленуші Ж.С. болған оқиғаны растап, 72 жасқа келгенде ауру үлкен кісіні бағып отырғанын, баласының ішіп келіп, айқайлап, былапыт сөйлеп, отбасының тыныштығын бұзатынын, бұл әрекетті үнемі қайталай беретінін айтты. Сот қаулысымен құқықбұзушы С.К.Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі