Қылмысты қайталауға жол бермейді

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аумақтық Пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында «Шартты түрде» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аудандық Пробация қызметі бөлімшесі есебінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған 43 – адам, 7 - шартты түрде сотталған, бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар саны – 22, жазасын кейінге қалдыруға сотталған - 2 адам, белгілі бір қызметпен айналыспауға сотталған – 12/1 адам есепте тұр. Аудандық ПБ-нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, сотталғандардың әрқайсысының мекен-жайынан тексеріп, олардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын алдын алу мақсатында тұрғылықты жерін, әкімшілік деректер базасы және полиция бөлімінің басқа да есептері бойынша тексеру жүргізілді.

А.Молдашева, аудандық пробация

қызметі бөлімшесінің аға инспекторы,

әділет аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT