Алаяқтар жиі WhatsApp арқылы «оңай табыс» уәде етіп хабарласады. Олар SIM-картаны тіркеуді, «байланыстырылған құрылғылар» функциясы арқылы аккаунтқа кіруді немесе жеке деректерді сұрауы мүмкін. Мұның бәрі қылмыстық мақсатта пайдаланылады!
⚠️ Есіңізде болсын:
SIM-карталарды, растау кодтарын және WhatsApp-қа кіруді бөтен адамдарға бермеңіз.
Мессенджерлер арқылы «жылдам табысқа» сенбеңіз — бұл алаяқтардың айласы.
Балаларыңызға және жақындарыңызға түсіндіріңіз: мұндай әрекеттер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
❗ Мұндай айлаларға көбіне жасөспірімдер түсіп қалады. Сондықтан ата-аналар балалардың интернеттегі әрекеттерін бақылап, оларға мұндай ұсыныстардың қауіпті екенін түсіндіруі қажет.
👮♂️ Полиция ескертеді: сақ болыңыздар және алаяқтардың қулығына ермеңіздер!


