Волонтер - қоғам жанашыры

2020 жыл - Волонтерлар жылы деп жариялануына орай Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында волонтерлік фронт-кеңсенің ашылуы өтті.

Қоғамда ізгілікті іске ұйытқы болып, оны игі мұратына айналдыра білген еліміздің түкпір-түкпірінде сан түрлі бағыттар бойынша қызмет ететін 700-ге жуық ерікті жастың басын қосқан жиыннан көзімізбен көргенімізден бұрын, санамызға түйгеніміз көп болды десем, артық айтқандығым емес.

Ашылу салтанатында сөз алған Президентіміз Қ.К.Тоқаев волонтерліктің ұғымына кеңінен тоқталып, ол волонтер болу кез келген адамның жас шамасына қарамастан қолынан келетін іс екендігін атап өтті.

d

Сондай-ақ бұл үрдісті тек бір жылдық науқан емес, өмірлік дәстүрге айналдыру керектігін де айтты. Бұдан соң волонтерлік жұмыстың жеті бағыты бойынша секциялық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Олар атап айтқанда “Білім”, “Үміт”, “Қамқор”, “Таза әлем”, “Саулық”, “Асыл мұра”, “Сабақтастық”. Бұл бөлімдер бойынша алған азды-кем тәжірибелер біздің алдағы жұмыстарымызда пайдамызға асатынына кәміл сенімдімін.

Енді фронт-кеңсе республика бойынша волонтерлардың қызметтеріне жетекшілік етіп, бағыт-бағдар көрсететін болады. Жаңашыл, жалынды жастармен танысып, ізгілікке ұмытылған жандармен әрқашан бірге екенімді мақтан тұтамын.

Менің түсінігімде, волонтер - қоғам жанашыры, сондықтан волонтерлардың көбеюі қоғам үшін игілікті болары сөзсіз.

Дана Ғасырбек,

"Jarqyn bolashaq" жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT