UTEBAYEV UNIVERSITY мұнай музейіндегі даңқ қабырғасы жаңа есімдермен толықты

Университет төріндегі мұнайшылар династияларының есімі жазылған қабырғаға Ізбасовтар-Шафиховтар және Қамза Әбуұлы Қуантыров тақтайшалары ілінді.

 - Ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосып, қазыналы қара алтынды халық игілігіне жарату жолында ерен еңбек сіңірген қазақ мұнайының ардақты тұлғаларының есімі ешқашан ұмытылмайды.Болашақ мұнайшыларды даярлайтын университетімізде осындай Даңқ қабырғасының болуы - өткенге құрмет, өскелең ұрпаққа өнеге. Даңқ қабырғасында отандық мұнай өндірісінде өшпес із қалдырған 100-ге жуық мұнайшы есімі жазылған. Бүгін осы тарихи орын облысымыздың құрметті азаматтарының есімімен толығып отыр, - деді Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова.

Сондай-ақ қоғам қайраткері, «Парасат», «Құрмет»ордендерінің иегері, Атырау облысы, Жылыой, Қызылқоға аудандарының Құрметті азаматы, Атырау облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мақсым Шафихұлы Ізбасовтың мерейлі 70 жасына арналған “Тұғырлы тұлға тағылымы” тақырыбында кеңейтілген ғылыми кеңес өтті, деп хабарлайды UTEBAYEV UNIVERSITY баспасөз қызметі.

Кеңес отырысына мерейгер Мақсым Шафихұлы мен жары Тамара Лабаққызы, Атырау облысының құрметті азаматы, ҚР ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Өмірзақ Қажымғалиев, Атырау облысының құрметті азаматы, академик Асхат Иманғалиев, “Құрмет" орденінің иегері, Мақат, Қызылқоға аудандарының құрметті азаматы Ардақ Қонысқалиев, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Жылыой  ауданының құрметті азаматы Кенжеғали Шанқанов, Мақат  ауданының құрметті азаматы Абдрахман Қазиев, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Балапан Даража, университеттің профессор-оқытушылық құрамы қатысты. Мақсым Шафихұлы еліміздің, соның ішінде Атырау аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуына, мұнай-газ саласының өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға. Азаматтық асыл қасиетпен үлкенге құрмет, кішіге ізеттің үлгісін көрсетіп, мемлекеттік қызмет, мұнай-газ салаларының білікті мамандарының жаңа буынын тәрбиеледі. Бүгінгі таңда облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты қалыптастыру жолында толымды іс атқарып келеді.

Іс-шарада Мақсым Шафихұлының өнегелі өмірі, азаматтық келбеті, қоғам дамуына қосқан үлесі жан-жақты айтылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT