Тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылған

Аудандық сотта тұрғын үй берместен тұрғын үй кезегінен шығару шешімін заңсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарында арыз беруші А. Махамбет аудандық мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу және жекешелендіру жөніндегі комиссия мәжілісінің хаттамасы бойынша пәтер берместен тұрғын үй кезегінен шығару туралы шешімін заңсыз деп тануды сұраған.

Сот отырысында арыз беруші А. өз арызын қолдап, қанағаттандыруды сұраған. Сот отырысында жауапкердің өкілі арызбен келіспейтіндігін, Махамбет ауылдық округі тұрақты комиссиясының хаттамасымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан жолдасының атына пәтер бөлініп, кейін аталмыш үй жолдасымен 2011 жылы жекешелендірілгенін, осы тұрғын-жайда арыз берушінің де бүгінгі күні төрттен бір бөлігіне үлесінің бар екендігі комиссия отырысында жан-жақты қаралып, оған бес баласы бола тұрса да тұрғын-жай бермеу және тұрғын үй кезегінен шығару туралы хаттама негізінде комиссия мүшелерінің дауыс беруімен шешім қабылданғанын айтқан.

Сот отырысында куә ретінде түсінік берген комиссия төрағасы арызданушы біраз уақыттан бері аудан бойынша тұрғын үй алатын адамдардың тізімінде тұрғанын, алайда, комиссия 2019 жылдың 25 қыркүйегі күні болған отырыста қабылданған арыз беруші А-ға бес балалы, яғни көпбалалы ана санатына жататындығына қарамастан, бұрын мемлекет қорынан бір рет пәтер алып, оны жекешелендіргендіктен тұрғын-жай берместен тұрғын үй тізімінен алып тастауға комиссия құрамы «үй берілмесін, кезектен шығарылсын» деп шешім қабылдаған.

Бір бөлмелі үйді бұрынғы мектептің шаруашылық ғимаратын кезінде үйге мұқтаж бірнеше адамның тұруына пәтер қылып бергенін атап көрсеткен. Сот отырысында куә ретінде түсінік берген комиссияның мүшесі куәгер ретінде осы тектес түсінік берген. Сотпен арыз беруші А-ның арызы қанағаттандырылды.

Махамбет аудандық мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу және жекешелендіру жөніндегі комиссия мәжілісінің хаттамасы бойынша А-ны пәтер берместен тұрғын үй кезегінен шығару туралы шешімі заңсыз деп танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT