Төтенше жағдайда қазақстандықтар нақты не істерін білмей, үрейге бой алдырған

Фото: halyq-uni.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматыдағы жер сілкінісінен кейін шенеуніктерге ескерту жасап, нақты тапсырма берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін Алматыдағы жер сілкінісінен 44 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Әлихан Смайылов болған жағдайға пікір білдірді.

Бұл жағдайда ТЖМ-ның барлық қызметінен бастап, әкімдікке дейін және басқа да мемлекеттік органдар жұмыс істеді. Бақытымызға орай, қаза тапқандар мен айтарлықтай шығын жоқ. Бірақ зардап шеккендер бар. Уақытында ақпарат алмаған және нақты не істерін білмеген адамдар дүрбелеңге бой алдырды. Олар ойланбай істеген әрекетінен зардап шекті, яғни 2-3 қабаттан секірді, - деді ол Үкімет отырысында.

Премьер-министр шенеуніктерге ескерту жасап, нақты тапсырма берді. 

Бұл құлақтандыру жүйесін ертерек іске қосып, халыққа мүмкіндігінше ертерек хабарлама жіберу керектігін көрсетеді. Мұндай жағдайда адамдарға нақты не істеу керектігі туралы мәлімет беру керек. Барлық сейсмикалық қауіпті аймақта оқу-жаттығуларды жиі өткізу қажет деп санаймын. Халық іс жүзінде іс-қимыл алгоритмін білуі керек, - деді Әлихан Смайылов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT