Татуласу келісімі - татуластыру рәсімдерінің бір түрі.
Қазақстан Республикасы Азаматтык процестік кодексінің 17- тарауында тараптарды татуластыру мәселелеріне аса маңызды назар аударылған. «Татуластыру рәсімдері» татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін жасау сияқты тараптардың татуласу әдістері нақты реттелген. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі. Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.
Мәселен, Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы З.Ж-ның жауапкер С.Ж-ге неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Іс-құжаттарына сәйкес, тараптардың арасындағы неке 2016 жылы қиылған, ортақ некеден араларында кәмелетке толмаған екі балалары бар. Талап қоюшы азаматша Ж. жауапкермен бірге отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын көрсетіп, некені бұзуды сұраған.
Сот кеңсесіне тараптардан азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз және татуласу келісімін бекіту туралы өтініш түсіп, өтінішке тіркелген 2020 жылғы 13 сәуірдегі татуласу келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Сотпен тараптардың арасында жасақталған татуласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз