Төрт түлік түнде жарқырайды

Малды қашықтықтан көруге көмектеседі.

Кеше облыстық полиция басқармасы НКОК компаниясымен, Махамбет аудандық әкімдік пен аудандық полиция бөлімімен бірлескен іс-шара өткізген-ді.

Мұндағы басты мақсат- жол бойында мал қағу апаттарының алдын алу, ірі қара малдарға арнайы ленталар және шетелдік бояулар шашылды, бұл ленталар мен бояулар түнгі уақытта жарық шағылыстырғыш әсер (светоотражающий эффект) береді. Соңғы кездері малмен соқтығысу салдарынан болған жол-көлік оқиғалары күрт өсті.

Бұл жылқы, сиырлар өрістен қайтып келе жатып, тасжол бойына кенет шығып кеткен жағдайда орын алып жатады. Сондықтан мал иелері өз малының амандығы үшін автокөлік жарығына шағылысатын арнайы жабынды мата кигізу, белбеушелер тағу қажет. Қате аяқ астынан шығады. Өкінішке орай, ондай шаралардың кеңінен қолданылып жатпағаны рас.

2512191

NKOK компаниясы, Махамбет аудандық әкімдік, полиция бөлімі жол қауіпсіздігін маңызды міндет деп есептеп, аудандағы жеке мал иелері мен шаруа қожалықтарын автокөліктің жарық сәулесін қайтаратын құрылғылар және шағылысатын бояулармен жабдықталды.

2512192

Аталмыш шара Мақат ауданында жүргізілген-ді. Арнайы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады. Алдын ала тиісті шара қолдану көлік жүргізушілеріне тәуліктің қараңғы мезгілінде жол үстіндегі малды қашықтықтан көруіне септігін тигізеді.

А.Текебай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521