Тоқаев қаза тапқан автобус жүргізушісінің туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы, Шамалған станциясында жолаушылар пойызы мен автобустың соқтығысып қалуы салдарынан қаза тапқан автобус жүргізушісінің туыстарына көңіл айтты.

«Алматы облысы, Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды», - деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми парақшасына.

Бұған дейін Алматы облысындағы Шамалған станциясында жолаушылар пойызы мен автобусы соқтығысып, автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқанын жазған болатынбыз.

BAQ.KZ

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521