Бұл туралы Атырау облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Амангелді Саламат брифинг барысында баяндады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтағы ауыл шаруашылығы саласында тұрақты өсім сақталған. Мал және өсімдік шаруашылығы бағытында өндіріс көлемі артқан.
Спикердің сөзінше, өткен жылы ірі қара саны 236 мың басқа жетіп, қой-ешкі 596 мың басқа жуықтаған. Жылқы 147 мың, түйе 43 мың басты құрады. Сонымен қатар 55 мың тонна ет, 31,7 мың тонна сүт және 52,8 млн дана жұмыртқа өндірілген.
– Өткен жылы егіс көлемі 9 340 гектарды құрап, 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай ұлғайды. Барлығы 148 мың тоннадан астам өнім жиналды. Оның ішінде 72 мың тонна көкөніс, 39 мың тонна бақша өнімдері және 7,9 мың тонна картоп бар. Су үнемдеу технологиялары 9 300 гектар алқапта қолданылып отыр, – деді А.Саламат.




