Тіл – тәуелсіздіктің негізі

Мемлекеттің тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағы – тіл. Қай ұлтты болмасын оны тілі арқылы таниды. Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі.

 Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Гимні, шекарасы болатыны секілді, өз мемлекеттік тілі болады. Бірақ қазақ тілі тек қазақ халқының ғана тілі емес, мелекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.

Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында: «Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасын, жауынгерлік дәстүрін, мұрасын қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері» – деп, тайға таңба басқандай, анық та айқын көрсетіп берген.

Қазақстанның тәуелсіздігі – көп ұлт пен ұлыстан құралған еліміздің осы жылдар ішінде қол жеткізген басты жетістігі. Ұлттың бірлігі мен татулығының арқасында жас мемлекет тарих мөлшерімен алғанда қысқа мерзім ішінде маңызды әлеуметтік-экономикалық табысқа жетіп, халықаралық аренада танылып үлгерді. Мемлекеттік тіл тәуелсіздік пен көпұлтты Қазақстан халқының бірлігінің, болашақ гүлденуі мен жетістіктерінің кепілі болмақ. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – ана тіліміздің абыройы асқақтап, беделі арта түссін.                                      

                                               А.ШАЙМУРЗИНА,

аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521