Бұл тестті сәтті тапсырудың арқасында бітірушілерді ЖОО-да ақылы негізде әрі қарай оқыту немесе қалаған мемлекеттік грант алу анықталады.
Тест тапсырудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына арнайы мониторинг тобының өкілдері, "Атырау-Адалдық алаңы" жобалау кеңсесінің өкілдері және агенттік қызметкерлері кірді. Аталған топтың негізгі мақсаты тестілеуді өткізудің "тазалығына" мониторинг жүргізу болып табылады.
Ағымдағы жылдың 24 маусымындағы жағдай бойынша Атырау облысында тыйым салынған заттарды алып өтуге және пайдалануға тырысып, 32 оқушы ережені бұзған. Кейбіреулер тіпті бүкіл оқулықты тығып алды. Осындай бұзушылықтардың қорытындысы бойынша тестілеуге жол бермеу және тестілеу залынан шығару актілері жасалды.
Құрметті оқушылар мен олардың ата-аналары!
Сізді тек өз білімдеріңізге ғана сүйене отырып, тест тапсыруға шақырамыз және тестілеу қорытындысы бойынша оң баға алу үшін пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік пен бас бостандығынан айыру көзделгені туралы ескертеміз. Егер азаматтар осындай жағдайға тап болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы call-center 1424 қоңырау шалу қажет.
Жалпы, агенттік Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, парасаттылық пен Академиялық адалдық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.