Жыл сайын биік үйлердің терезелерінен құлап түсіп, мерт болған немесе ауыр жарақат алған балалар саны өсуде.
Балалар мұндай жағдайда қауіпсіздік шараларына өте осал келеді. Бұған дәлел түрлі алуан жарақаттардан балалардың өлім-жітімінің артуы болып отыр. Әдетте, құлаудың барлық жағдайларына балалар өз бетімен терезеге шығып, тіреуіш ретінде жиһаздың әртүрлі заттарын қолдана отырып, масаға қарсы торға сүйену кезінде құлап кетеді. Мұндай фактілердің басым көпшілігі ересектердің балаларды бақылаусыз қалдыруынан болып жатады. Терезелердің ашық қалуы, арнайы блокираторлардың немесе терезе тұтқаларының болмауы, балаларға өз бетінше терезелерге шығуға мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспа¬уынан және жабық терезенің иллюзиясын жасайтын маса торларының болуы да осыған себеп. Жазатайым қайғылы оқиғаның алдын алу үшін ересектерді, ата-аналарды қашанда сақтық шараларын ескеріп жүруге шақырамыз.
Махамбет ауданы төтенше жағдайлар бөлімі