Теңіз кенішінен шығарылған жұмысшылардың жалақысы сақталмақ

«ТШО» және өзге де мердігер мекемелердің қызметкерлерін Теңіз кен орнынан шығару жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінге дейін 18,5 мыңнан астам аса маңызды емес жұмысшылар Теңіз кенішінен уақытша шығарылды. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында "Теңізшевройл" компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді.

- Төтенше жағдайдың орын алуына байланысты вахталық тәсілмен еңбек ететін қызметкерлердің коронавирусқа қатысты жұмысқа шыға алмағанына қарамастан, жалақылары толық сақталады. Ал, кен орнындағы вахталық мерзімі уақытынан асқан жұмысшылардың жалақысына 1,5 коэффициент қосылады, - деп атап өтті Рзабек Артығалиев.

Сонымен қатар, Теңіз кенішіндегі Covid-19 ахуалын тұрақтандыру қатаң бақылауға алынған. Осының аясында қызметкерлерді оқшаулау, жеке гигиенаның әлеуметтік ережелерін қамтамасыз ету секілді бірқатар істер атқарылуда.

- Біз барлық мердігер мекемелер мен жұмысшылардан осы шараларды орындауды талап етеміз. ТШО қауіпсіздік қызметі Жылыой ауданының әкімдігімен, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және Ішкі істер департаментімен бірлесіп, Теңіз кен орнындағы талаптардың орындалуын үнемі қадағалап отырады. Кері жағдайда, ТШО келісімшарттар мен еңбек шарттарын бұзып, қатаң шаралар қолдануға құқылы , - деп мәлімдеді Р. Артығалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT