ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстыратын берекелі бастама» дей келе «осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады» деген болатын.

Биыл «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық тазалық акциясы аясында Бөдене ауылында да іс-шаралар жоспары жасақталып, түрлі тақырыпта 140м\кв бильборд жаңғыртылып, орнатылды. 25 бұралқы ит жойылып, үйлер ақталып, көшеттер отырғызылып, көшелер қаптаған шөптерден тазартылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында учаскелік инспекторға әкімшілік ғимараттан бір орын берілді. 10 айда округ бойынша ауыр қылмыс болған жоқ. 68 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталып, шарасы алынды. Атырау-Индер тасжолы бойында, ауыл тұсында мал қағу, жол апатының алдын алу мақсатында жүргізушілер жылдамдықты азайту үшін көлемі 6х3 бильборд орнатылып, жұмыстар ұйымдастырылуда.

 Ауыл тұрғындарынан жарыққа шағылысатын лентаны малдарына тағу жөніндегі жұмыстар әлі де жалғасуда. Тұрғындардың сұранысына сәйкес, Қ.Әбдіров көшесіндегі электр желісін ауыстыру және көше шамдарын орнату жұмыстарына 980 мың тенге бөлініп, жұмыстар жасалды. Бұдан бөлек, 2 млн 250 мың теңге қаржыға ауыл ішіндегі көлік ағындарының жол жүрісін ретке келтіру, жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында жұмыстар жасалынды. Үнемдалган қаражат есебінен ауыл ішіне автомобиль жолдарына негізгі жол сызықтарын сызу, жаяу жүргінші өткелдеріне жол таңбаларын және жаяу жүргінші жолына проектор орнату жұмыстары бойынша 3 млн теңгеге келісімшарт жасақталып, жұмыстары атқарылды.

Ауылдың кіре берісі саналатын А.Далабаев көшесінің жол бойындағы жасыл желек алаңын жай жөндеу мақсатында 8 млн 799 мың теңгеге келісімшарт жасақталып, жұмыстар толықтай аяқталды. Құны 11 млн 860 мың теңгеге көшелердегі жарық ДРЭЛ шамдары заманауи ЛЭД шамдарына ауыстыру, тұрғындардың өз бетінше тұрғызған 54 дана ағаш электр бағаналарын темір бетонды бағандарға алмастыру және АС-50 маркалы электр сымдарын СИФ кабельдерге ауыстыру жұмыстарына келісімшарт жасақталды. Сонымен қатар, 5 млн 600 мың теңгеге «Ақбұлақ» су тазарту стансасының 1-ші көтерілім қондырғысының аумағын талапқа сай қоршау жұмыстары атқарылуда. Аталған жұмыстардың барлығы толықтай қараша айында аяқталады.

Шырай ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ,

Индер ауданы

Бөдене ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT