Тазалық - денсаулығымыздың кепілі

Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында тазалық айлығы өтуде.

Осыған сәйкес аудан әкімінің қаулысы жарияланып, нақты міндеттер жүктелді. Тазалық айлығы аясында тұрмыстық және басқа да беталды пайда болған қоқыс үйінділерін, металл сынықтары мен құрылыс қалдықтарын елді мекен аумағынан шығару, бұзылған ғимарат орындарын мұқият тазалау, тұрғын үйлер мен әлеуметтік, мәдени, қоғамдық нысандардың қасбеттері мен дәліздерін тәртіпке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар көп қабатты үйлердің жертөлелерін судан тазарту, кептіру, инженерлік желілердегі ақауларды жою, бордюрлерді ақтау, бұралқы иттер мен мысықтарды жою, көше жарығын, жарнамалық маңдайша жазулар мен билбордтарды тексеріп, жөндеу де қолға алынған.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында апта сайын бекітілген аумақтарда көгалдандыру, көріктендіру, жинастыру және көшет отырғызу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

 

Ж. НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT