"Таза Қазақстан" тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында "Таза Қазақстан"экологиялық акциясы туралы айтқан болатын. Акцияның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. Президент айтып  өткендей, "уақытша акция емес, бұл маңызды жоба жыл бойы жалғасуы тиіс".

Бұл акцияны ауданымыздың барлық  округтері белсенді атқаруда. Атап айтқанда, Қамысқала ауылдық округі әр күні «Таза Қазақстан» акциясына қызу жұмыстар атқарылуда.  Ауданымызда жасыл желегі мен ерекше көзге түсетін Х.Ерғалиев ауылы тұрғындарының ауызбіршілігінің арқасында қазіргі таңда ауылда көптеген жұмыстар жүріп жатыр. Тек тал отырғызып қана қоймай, көше-көшелерді тазалап, арам шөптертен тазарту үстінде.  Оған қоса,  "жас жүрген жер-мереке, қарт жүрген жер-береке" - демекші ауылдағы мүмкіндігі шектеулі үлкен қарияларымыздың үйлерін әктеп, тазалау жұмыстарын жасауды да тоқтатпады. Ауыл тұрғындарымен, мекеме қызметкерлерінің ауызбіршілігінің арқасында аядай ауыл бүгінде көркейіп келеді.

-Ақын атындағы ауылымыздың әр адамы тұрғындар үшін жасалынып жатырған жұмыстарға жандары ашып, тазалық сақтау үшін әрдайым әрекет етеді. Оның үстіне Мемлекет басшысының өзі Қазақстанның әр бұрышы мен әр алаңының таза болуын қадағалап, республикалық масштабта «Таза Қазақстан» акциясын жариялағаны тағы бар. Сол себепті бұрынғыдан да ауылды таза ұстау үшін тырысып жатырмыз. Жасыл желекті де көбейтіп, күзгі тал егуді қолға алдық. Тағы бір қуантарлық жағдай- ауылымызда жазғы су құбырын жүргізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр және бұл жоба ауыл көшелеріндегі барлық үйлерге қол жетімді болады. Топырағы құнарлы, табиғи су ауыл ортасынан ағып жатырғандықтан барлығы да нәтижелі болмақ. Демалыс саябағымыз салынып жатыр, ауылдың кіре берістерінде талдарға қоршаулар салынып, қайың көшеттері егілді. Ал, жан-жақты тазалауды күнде жүзеге асырып келеміз. Ауылдағы әрбір мекеме апта сайын, кейде тіпті күнара айналасын, канал жағасын тазалауға шығатыны бізді қатты қуантады,-дейді ауыл әкімі Рафиғат Әнуарбекқызы.

-Бұл акция аясында туған жерді абаттандыруға, әркім өзі жүрген жерді таза ұстап, айналамызды жайлы әрі әдемі етуге тырысуымыз керектігіне белсене атсалысып жатыр. Ауыл тұрғындарымен бірге ауылымыздың әкімі де бірге білек сыбаны атсалып жүр.  «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл!»-деп тегін айтылмаған. Ендеше, барша ауыл тұрғындарын тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға, айналамызды күтіп ұстауға шақырамын,- дейді ауыл тұрғыны Қуанғали Нәубетов.

Х.Ерғалиев ауылының көгалдандыру жұмысының қарқыны жаман емес. Тоқтап қалмай,  әрмен қарай жалғасын таба берсінБаршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. Тазалық- Біз бен Сізден басталады.

Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT