Былтырғы жылдың 6 сәуірінен бастап ұйымдастырылған экологиялық акцияда Мақат ауданы бойынша жалпы көлемі 462 тонна қоқыс шығарылған.
Ауданда 2024 жылдың 6 сәуірінен бастап, мемлекет басшысының аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде берген тапсырмасына сәйкес республика көлемінде өзіндік тақырыбы мен мақсатына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға аудан бойынша 2318 адам, 15 техника жұмылдырылды. Аудан бойынша барлығы 26,09 га жер аумағы тазаланып, 462 тонна қоқыс шығарылса, 3888 тал отырғызылды.
Айта кетейік, сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Мақат ауданында 462 тонна қоқыс шығарылды
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 149
