«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Атырау қаласында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
13 шілде күні Атырау қаласының жастар орталығының және "Жаңа жастар" волонтерлік ұйымы жастарының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Игі істер» марафоны аясында республикалық экологиялық акциясымен сенбілік өтті. Шараға белсенді жастар, эковолонтерлер, қала тұрғындары қатысты.
Жаңашыл форматтағы шараның мақсаты – жастар мен жасөспірімдерге қоршаған ортаның, табиғаттың тазалығы қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, өз үлестерін қосуға ықпалдасу.