Бөкейхан ауылдық округі бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында округ аумағында бірқатар абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында ауылішілік автокөлік жолдары мен көше бойлары тазаланып, шекара аймақтарында қоқыс шығарылып, аумақтардың санитарлық жағдайы ретке келтірілді.
Акцияның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті күшейту және туған жердің тазалығын сақтауға үлес қосу болып табылады.


