"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Құрманғазы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік шарасы өтті. 

Мақсаты: қоршаған ортаны таза ұстауға ауыл жұртшылығын тарту. Сенбілікке ауылдық әкімі аппараты қызметкерлері және білім беру мен мектепке дейінгі балаларды оқыту қызметкерлері, денсаулық сақтау мекемелерінің ұжымдарымен қоса ақылы қоғамдық қызметкерлері де қатысты.

Нәтижесінде көше бойлары, бөгеттің екі жағы, ғимараттардың айналасындағы күл-қоқыстар арнайы орынға шығарылып, арнайы техника көмегімен тазартылды. Акция барысында санитарлық тазалық жұмыстары жоғары деңгейде атқарылды. Сенбілікке 2 техника және 14 мекемеден 105 адам жұмылдырылып, 7 тонна қоқыс сыртқа шығарылды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT