Таумұрат Табылдиев, Қарағанды республикалық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бегилдинов атындағы "Жас ұлан" мектебінің курсанты:

-  2002 жылы осы Махамбет ауылында өмірге келдім. О.Шонаев атындағы орта мектепте білім алдым.

Өзімнің атам ұшқыш болған екен. Сол себепті мен де бала күнімнен ұшқыш болуды армандадым. Қайтсем де әскери оқу орнына түсемін деп өзімді-өзім дайындадым. Кішкене күнімнен спортқа жақын болдым. Менің ойымша, адам ең алдымен өзінің алдына қандай да бір мақсат қоя білуі керек. Содан соң сол мақсатқа жету үшін талпыну қажет. Өзім өткен жылы осындай талпыныстың арқасында Қарағанды қаласындағы «Жас ұлан» мектебіне оқуға қабылдандым. Бұл мектепке кез келген адам түсіп кете алмайды. Қойылатын талап өте жоғары. Сабаққа қатысты да, спортқа қатысты да сынақтардан сүрінбей өткен кездегі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу қиын. Әскери мектептің аты әскери мектеп. Мұнда темірдей тәртіпке бағынуға тура келеді. Сабақ білмей қалсаң, бірден екілік қояды. Екі рет екілік алған бала сол бойда оқудан шығарылады. Алғаш барған сәттен-ақ алғырлығыммен, біліміммен көзге түсіп, өзімді жақсы қырымнан көрсеткендігімнің нәтижесінде бүгінде кіші сержант шенін алып үлгердім. Мектепті бітірген соң Ақтөбе қаласындағы ұшқыштар даярлайтын оқу орнында білімімді жетілдірмек ойым бар. Ұшқыш болып, еліме, Отаныма адал қызмет етіп, абыройлы азамат атанудан басқа арманым жоқ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521