«Тау тұлға әке, ізбасар ұл»

Республика күні қарсаңында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Тау тұлға әке, ізбасар ұл» тақырыбында әкелер мен ұлдардың облыстық слеті өтті. ​Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен, облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізілген бұл шараның басты мақсаты – қоғамды отбасылық құндылықтарды насихаттау арқылы жастарды тәрбиелеу. Соның ішінде, халқымыздың ата салты мен дәстүріне негізделген қазақ отбасының ұлылығын дәріптеу. Отбасындағы әке мен ұлдың алатын орны мен атқаратын рөлі туралы әңгіме түйіні тарқатылды. Олардың өзгелерге үлгі болар, өнеге тұтар қырлары сөз болды. Слетке аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Берік Әнесов ұлы Али Анесовпен, Ломоносов мектебінің 11 сынып оқушысы, оқу озаты Дамир Тағанқожаев алғыс хатпен марапытталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды. Жалпы ауданымыздан бір топ белсенді әкелер қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT