Махамбет аудандық сотында заңсыз иеленіп отырған жер учаскесін мәжбүрлеп босату және моральдық зиянды өндіру туралы дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді.
Талапкер О. жауапкер А.-ға заңсыз иеленіп отырған жер учаскесін мәжбүрлеп босату және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген еді. Сот отырысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді сұрады. Оның шарттары бойынша жауапкер А. жер учаскесін 2019 жылдың 25 шілдесіне дейін босатуға міндеттенеді.
Сонымен талапкер О. заңсыз алып отырған жер учаскесін мәжбүрлеп босату және моральдық зиян өндіру туралы талап арыздан бас тартады.
Ұйғарым заңды күшіне енді.
Өз тілшіміз
Cурет:дереккөз