Табыстың бастауы – кооперация

Қазақстан Халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы Түркістан облысында жалғасты. Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, ҚХП төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков Жетісай ауданының халқымен кездесті.

Спикер Жетісай жұртына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. «Қазақстанның әрбір азаматына ғасырлар бойғы бабаларымыздың арман-мұратын жүзеге асыруға мүмкіндік беру қажет. Бұл үшін жер телімі кейінгі ұрпаққа өмір бойы пайдалану құқығымен мұра ретінде қалуға тиіс. Осы құқық ел азаматтарына ғана берілуі керек», деді ол.

Кандидат агросаланы дамытудағы мемле­кеттің іс-қимылы көңілден шықпайтынын атап өтіп, жылдар бойы зерттеліп, негізі қалып­тас­қан кооперация жүйесі әлем бойынша ауыл шаруа­шылығын дамытудағы табыстың басты құпиясы екенін мәлімдеді.

«Көптеген ел ауыл шаруашылығы өнім­дерін жеткізушілермен, қайта өңдеу кәсіпорын­дарымен, университеттермен, зерттеу орта­лықтарымен, көлік-логистика, инжиниринг және консалтингтік компаниялармен, қаржы институттары, инвесторлармен шаруашылық техникасын бірлесіп пайдалану бойынша ынтымақтастық орнатады. Нәтижесінде, бұл іске баса мән берген елдерде агросала ерекше қарқынмен дамып жатыр», деді А.Асылбеков.

Бұдан кейін кандидат өмір сүру сапасы нашарлаған және зардап шеккен санаттағы отбасыларды қолдау тиісті деңгейде жүргізіл­мейтініне тоқталды.

– Мемлекет 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға тегін баспана беруі қажет. Сондай-ақ ипотеканы үш балаға дейінгі отбасыларға қолжетімді етуі керек. Міндетті шарттардан бастапқы жарнаны алып тастауды және төмендетілген пайыздық мөлшерлемелерді (жылдық 2-ден 5%-ға дейін) белгілеуді ұсынамыз. Екінші баладан бас­тап 25%, ал 4-ші бала туған кезден мемлекет есебінен ипотека енгізуді ұсынамыз», деді партия өкілі.

Спикер дәл осы күні сарыағаштықтармен де жүздесті. Мұнда А.Асылбеков жастар мәселесі мен қандастардың жағдайын тілге тиек етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521