banner_damu

Төтенше жағдай басталғалы бері Атырауда қауырт желіге 300 мыңға жуық қоңырау келіп түскен

"Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Атырау облысы тұрғындарын алаңдатқан сұрақтарға Атырау облысы әкімі аппаратының 109 колл орталығы жауап беруде" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Қоңыраулардың дені коменданттық уақыт кезіндегі шектеулер, ережелер,  посттарды кесіп өту шарттары мәселелеріне орай түскен.

Сонымен бірге, тұрғындар әлеуметтік маңызы бар нысандардың, мемлекеттік органдар мен коммуналдық мекемелердің қызмет уақыты,

әуе және темір жол бағыттарының кестесі, азық - түлік, жанар жағар май бағасы, интернет желісі байланысы бойынша да сұрақтар қойған.

Атап өту керек,  109 колл орталығы тәулік бойы үзіліссіз қызмет көрсетуде.

Қазіргі уақытта орталықта тұрғындарға 32 оператор қызмет көрсетуде.

Еске сала кетелік, ел бойынша орын алған жаппай тәртіпсіздікке байланысты, Қазақстанда 5 қаңтардан бастап төтенше жағдай жарияланды.

Осыған орай, Атырау облысында коменданттық уақыт енгізіліп, бүгінгі таңда облыс территориясында антитеррорлық операция жүруде.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика