«Тұрмыс» қылмыстың алдын алады

Ақпан айының 08 - 18 аралығында аудан көлемінде « Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Шараның мақсаты мас күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу болып табылады.

Учаскелік полиция инспекторлары отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтап, олармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Отбасы – тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға жол беретін спирттік ішімдіктер мен есірткі құралдарын пайдаланатын адамдарды ішкі істер органдарының есебіне қою бойынша тиісті ұйымдастырушылық –практикалық шаралар қабылданды.

А.Калиева,

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлар тобының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы,

полиция капитаны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521