Т. Дүйсенова Атырау облысының тұрғындарына халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҮЕҰ және ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен, әйелдермен, оның ішінде көпбалалы аналармен және зейнеткерлермен кездесу өткізді.

ЕХӘҚМ басшысы балалы отбасыларды және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып, сондай-ақ әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодексте қазақстандықтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жақсартудың жаңа тәсілдері туралы хабардар етті.
Кездесу барысында министр тәуелсіздік жылдары Қазақстанда азаматтарды әлеуметтік қолдаудың кешенді жүйесі құрылғанын, оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар мен өмірдің барлық кезеңдерінде салық салу кезіндегі жеңілдіктерді қамтитынын атап өтті.

t

tamara-d-4


«2021 жылы мемлекеттік бюджеттен 4,9 млн азаматқа зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге шамамен 4 трлн теңге бөлінді. Бұл бүкіл ел бюджетінің төрттен бір бөлігін құрады.
2021 жылы Атырау облысы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны 193,5 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 29,3 %-ын құрап, төлемдердің жалпы сомасы 125,6 млрд теңгені құрады.
Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері жыл сайын артып келеді. Биыл 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 5% - ға, ынтымақты зейнетақы 7% - ға индекстелді. 1 сәуірден бастап инфляция дәлізін қайта қарауға байланысты барлық зейнетақылар мен жәрдемақылар қосымша 4%-ға индекстелді», – деді Тамара Дүйсенова.
Министр мемлекет балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударатынын атап өтті, оған бюджеттен төленетін жәрдемақылардың 5 түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің 2 түрі кіреді. Биыл бұл мақсаттарға 38,3 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13% - ға артық.
Министрдің айтуынша, қабылданып жатқан әлеуметтік қолдау шаралары елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. 2020 және 2021 жылдары республикада тәуелсіздік жылдарынан бері бала туудың ең жоғары көрсеткіштері белгіленді (2020 жылы – 426,8 мың бала, 2021 жылы – 446,8 мың бала). Бұл ретте отбасында үшінші, төртінші, бесінші және одан да көп баланың туылуы бойынша оң үрдіс байқалады.
Тамара Дүйсенова арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесі және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету қазір Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерін және оларды жеткізушілерді өз бетінше таңдай алады.
Жыл басынан бері Атырау облысының тұрғындары Портал арқылы 11 мыңнан астам оңалту шараларын (ОТҚ және қызметтер) алды.
«Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу: оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз ету уақытын 8 айдан 2 аптаға дейін қысқартуға; мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтер мен ОТҚ таңдауды өнім берушіден жеке қажеттіліктерін, сапасын, беделін және басқа пайдаланушылардың пікірлерін ескере отырып, тікелей ұсынуға; мүгедектігі бар адамдардың қай жерде орналасқанына қарамастан, оңалту құралдары мен қызметтерін таңдауына мүмкіндік беру, мысалы, санаторийді ауруына байланысты басқа аймақтан таңдауға болады.
Алайда, оңалту құралдарының сапасына, жеткізушілер ұстанатын баға саясатына қатысты мәселелер әлі де бар. Сондықтан бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады», – деді Тамара Дүйсенова.
Министр сондай-ақ кездесуге қатысушыларды Қазақстанның барлық өңірінде мүгедектікті сырттай белгілеу пилоттық режимде енгізілгені туралы хабардар етті.
«Мүгедектікті сырттай белгілеу тетігі бүкіл процесті түбегейлі өзгертеді және куәландырылатын адамның тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға ғана жүгінуін көздейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT