Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы Ш. жауапкерлер А-мен А-ға сыйға беру келісім шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.
Іс құжаттарында талап қоюшы Ш. жауапкер А-ға 2019 жылғы 11 сәуірде Махамбет ауылында орналасқан тұрғын үйді қосымша құрылыстарымен және жер телімді сыйға беру келісім-шартымен сыйға тартқанын көрсеткен. Алайда талап қоюшы соттан аталған сыйға беру келісім-шартын жарамсыз деп тануды сұраған. Сот кеңсесіне тараптардан азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз және татуласу келісімін бекіту туралы өтініш түсіп, өтінішке тіркелген 5 желтоқсан 2019 жылғы татуласу келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
Сотпен талап қоюшы Ш-ның жауапкерлер А. мен А-ға сыйға беру келісім шартын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптардың арасында жасалған татуласу келісімі бекітілді. Жауапкер А. 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін талап қоюшы Ш-ның атына Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылында орналасқан үйді аударуға міндеттенеді; екіншіден, талап қоюшы Ш. жауапкерлер А. мен А-ға сыйға беру келісім-шартын жарамсыз деп тану туралы өз талабынан бас тартады.
Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Өз тілшіміз
Сурет:дереккөз