Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Ауыл халқына әртүрлі деңгейде видеороликтер көрсетіліп, жаднамалар тарату арқылы сауаттандырылуда. Ауылдық жерде халық парақорлық дертімен бетпе-бет келуі жиі бола бермейді, кездескен жағдайда шаруасы үйлескесін ешкімге жария етуді қажет деп есептемейді. Сол тұрғыда көптеген жиындарда, жеке кездесулерде жиі айтылып, түсінік жұмыстары жүргізілуде. Тәрбие басы мектепте деп ойласақ, мектеп оқушыларына тақырыптық кездесудер, ауылдық кітапханамен бірігіп шаралар өткізіліп келеді.Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажеттігін түсіндірудеміз..
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себептерін сараласақ, оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жиылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағым , өтініштері.
Мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыруда халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету басты орын алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда көрсету «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т.б.) қарамастан Интернетке кіруге мүмкіндігі бар болған жағдайда «электрондық үкіметтің» порталы (www.egov.kz) арқылы мемлекеттік қызметінің көрсетілуіне Е-лицензия бағдарламасына және «Е- өтініш» бағдарламасына өтініш бере алады. Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі - оңай және қол жетімді, уақытша шығындарды кемітеді, өтініші бойынша жұмыстың әр кезеңінде хабар алып отырады, өтінішті үй немесе жұмыс компьютерінен беру мүмкіндігі бар, әркім өзі өтініш берсе жемқорлық тәуекелдері азаяды.
Жылына екі рет жырты жылдық бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жүргізіліп отырады. Онда персоналды басқару, кадрлардың ауысуын, бюджеттік мекемелер бойынша мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызмет көрсетудегі, өтініштерді қабылдап, жауаптарын берудегі заң бұзушылық туралы талдау жүргізіледі. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарыны қатаң сақтау туралы мәселелері де қамтылады. Осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер бойынша ауыл тұрғындарынан сыни пікірлер болмағандығын айтқым келеді. Шынында да, біз әділ қызмет жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие болатынымызды сенімді айта аламыз.
Расул МУСИН,
Алға ауылдық округінің әкімі