Сүт өнімдері қымбаттап барады

Елімізде сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 6,8% өскен.

2019 жылы еліміздегі инфляция деңгейі 5,3% құраған, алайда азық-түлік бағасы 8,2% қымбаттаған. Желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда қол сүтінің 1 литрі орташа есеппен 222 теңгені құраған, ал бір жыл бұрын ол 211 теңге болған, пастерленген сүттің 1 литрі – 251 теңге, 2018 жылы ол 228 теңге шамасында болған.

Елімізде сүт өндіру көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. Өткен жылдың 11 айында 509,3 мың тонна өңделген сүт пен кілегей шығарылған, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 476,3 мың тонна болған. Сүт өнімдерінің 30% Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Қостанай облыстары да көш басында тұр.

Дереккөз:BAQ.KZ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT