Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында су үнемдеу бойынша бірқатар бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн», - деді Мемлекет басшысы.
Президент еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес екенін, сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын айтты.
Бұған дейін Президент алдағы үш жылда агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70% жеткізу керектігін айтқан еді.
Сондай-ақ, елдегі ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр, жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет.