Стипендия, коммуналдық ақы және несие алу тәртібі. 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді

Informburo күздің алғашқы күнінен бастап елде қандай өзгерістер болатынын еске салады.

Студент, магистрант және докторанттардың шәкіртақысы өседі
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендиялар артады. Дәлірек:

колледж студенттері үшін шәкіртақы 50 пайызға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады;
бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 пайызға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды;
интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады;
магистранттар мен докторанттарға стипендия 15 пайызға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыркүйекте шәкіртақы бакалавриат студенттеріне 20 пайызға, магистранттар мен докторанттарға 15 пайызға көбейеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT