2024 жылдың 7 қазан мен 13 қазан аралығында Атырау қаласында облыстық мұғалімдер спартакиадасы өтті.
Спартакиадаға 7 аудан, Атырау қаласы және Атырау облысынан барлығы 9 команда қатысты. Жарыс өте тартысты болды. Облыстық спартакиада спорттың 7 түрінен (Волейбол ерлер, әйелдер, Баскетбол 3х3, Футзал ерлер, Асық ату, Бес асық, Тоғызқұмалақ, Үстел теннисінен өтті) Құрманғазы ауданынан 50-ге жуық мұғалім спорттың барлық түрінен қатысып, Волейбол ерлер, Футзал ерлер, Асық ату, Бес асық, Тоғызқұмалақ, Үстел теннисінен ауданның мұғалімдері жоғары нәтиже көрсетті.
Нәтижесінде жалпыкомандылық есепте Мақат ауданы ІІІ орынға, Атырау қаласы ІІ орынға, ал Құрманғазы ауданы жүлделі І орынға ие болды. Аудан командасы осымен 3-ші жыл қатарынан жоғары жетістікке жетіп отыр. Барлық қатысқан ұстаздарға рахметімізді айта отырып, жұмыстарына шығармашылық табыс, денсаулық, отбасына амандық тілейміз.
А.Шакупова