Спорт мектебі шәкірт қабылдауға дайын

Былтыр күрделі жөндеуге жабылған №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жоспарланған мерзімде қайта ашылды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі 

 

- Бұл нысан 2008 жылы пайдалануға беріліп, содан бері еш жөндеу көрмеген. Бүгінде мектеп қайта жаңартылып, жаттығу залына стандартқа сай еден төселді. Есік-терезелері ауыстырылып, суағар, кәріз, жылу жүйесі мен ғимарат төбесінің бір жақ шатыры және жарық жүйесі жаңартылды. Бұдан бөлек, баспалдақтар мен дәліздің кафелі ауыстырылып, қабырғалар сырланды. Ең қуантарлығы — заманауи талапқа сай үлкен футбол алаңы салынды. Бұрын балалар футболды топырақ төселген ашық алаңқайда ойнайтын. Жас футболшыларымыз үшін қуанып жатырмыз. Мұның барлығы спортсүйер шәкірттердің игілігіне жасалды, - деді спорт мектебінің директоры Бимырза Тайжанов.

Анықтама үшін: спорт кешенінде 12 үйірме бар. Олар: қазақ күресі, дзюдо, грек-рим, белбеу күрес, еркін күрес, таэквондо, шахмат, тоғызқұмалақ, ауыр атлетика және бокс. Осы үйірмелер бойынша 1 500 балаға 100 маман қызмет етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT