Волонтер болу бұл – құрметті қызмет.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «2020 жыл – Еріктілер жылы» деп жарияланған болатын.
Ерікті болуда Махамбет аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Мукашев Асқар Қайырлиевич те өз үлесін қосты.
Ол Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Азаматтық орталығы» КММ-сі Атырау облыстық ауруханасының провизорлық орталығында спортшы жігіттермен бірге тынысы тарылған науқастарға оттегі балондарын тасып, дәрігерлерге қол ұшын беріп, жұмысын жеңілдетіп, науқастарға қолдау көрсетті.
А.Кабдыкайырова,
Махамбет аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы,
әділет капитаны