Сот саласы цифрланды

"TrueConf" қосымшасы арқылы тараптар сот процесіне бейнебайланыс арқылы онлайн режимде тікелей қосылу мүмкіндігі бар.

"TrueConf" мобильді қосымшасы арқылы бейнеконференция байланысын қосу жөніндегі нұсқаулық:

1. ВАК арқылы процеске қатысу туралы сотқа өтініш жазу (мобильді бейне конференц байланыс).

Сот кабинеті арқылы жіберу. "WhatsApp" - да пайдаланылатын ұялы телефоныңыздың нөмірін міндетті түрде көрсету керек.

2. Смартфонда Play Market қолданбасын ашу (немесе Iphone иелеріне арналған AppStore) және trueconf іздеуін енгізу.

3. Trueconf бағдарламасын орнату және іске қосу.

4. Серверді ауыстыру қажет (интерфейстің төменгі жағында, қажетті "серверді ауыстыру" батырмасы бар) trueconf server бөлімінде мекенжайды көрсету: 212. 154.160.158:4441.

Бұдан әрі логин мен құпия сөзді Сізге сот отырысының хатшылары жазады! Сервердің осы мекенжайы Махамбет аудандық соты үшін ғана қолданылады порт (келесі сандарды енгізу)

5. Логин және пароль енгізу-сізбен ватсап арқылы байланысып, логин мен пароль береді.

6. Аудио және бейне дыбысын беру үшін, қосымшаға сәйкес рұқсат беру керек – қолданба экрандағы жазбаны рұқсат етуді сұрайды. (көрсетілген опциялар операциялық жүйенің нұсқасы мен түріне байланысты көрсетілмеуі мүмкін, жоқ болған жағдайда қосымша іс-әрекеттер талап етілмейді) (анықтама нөмірі 8-7123-62-14-57)

Махамбет аудандық соты баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521