Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы біз, әскери қызметшілер үшін ерекше жігер берді.
Мемлекет басшысының әскерге, қорғаныс саласына және әскери-патриоттық тәрбиеге баса назар аударуы – бізге артылған сенімнің айқын көрінісі.
Бұл бастамалар бізді Отан алдындағы қасиетті парызымызды адал орындауға, тәртіп пен жауапкершілікті одан әрі күшейтуге ынталандырады. Әскерилер үшін жасалып жатқан қолдаулар елдің қауіпсіздігін нығайтып, жауынгерлік рухты көтеретіні анық.
Біз әрдайым антқа берік болып, Тәуелсіз Қазақстанның мүддесін қорғауға дайынбыз.
5546 әскери бөлім командирі
подполковник Кулахмедов Самет Сунатуллаевич