Атырауда шетелдік нөмірі бар көлікті иелеріне мамандандырылған ХҚКО-нан шықпай-ақ рәсімдеуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін таңертең Атырау облысының тұрғындары шетелдік нөмірі бар көліктерді есепке қою бойынша кеңес алу үшін мамандандырылған ХҚКО-на барып жатыр. Мамандандырылған ХҚКО-да көлік иелеріне ыңғайлы болу үшін өңірлік ПД процессингтік орталық өкілдері, Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кезекшілік етуде», - деді Атырау облыстық ПД процессингтік орталығының бастығы Сапи Жанғазиев.
Оның айтуынша, шетелдік нөмірі бар көлік иелері ешқандай мәлімет білмейді.
«Армениядан 2019 жылғы Toyota Camry көлігін алып келген жүргізуші келді. Ол машинасының алғашқы төлемі миллион теңге емес, 663 теңге болғанына қатты таңғалды. Мұндай төлем көлігінің шыққанына 2 жыл толмағандарға ғана жүреді. Мамандандырылған ХҚКО-нан тек кеңес алып қана қоймай, банктердің бірінің бөлімшесі арқылы төлем жүргізуге болады», - деді Сапи Жанғазиев.