Шекарадан көмір шығаруға тыйым салынды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елден көмірді автомобильмен әкетуге уақытша тыйым салады.

Ведомство атап өткендей, тұрғындарға, коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған қатты отынды Қазақстанның шекаралас облыстарынан көршілес елдерге қайта сату үшін экспорттау фактілерінің анықталуына байланысты уақытша тыйым салынып жатыр.

“Шешім 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымының мақсаттарына қол жеткізу үшін көмір кеніштерімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп әзірленді және халық пен отандық сектор тарапынан белсенді сұраныс кезеңінде көмір тапшылығын болдырмауға бағытталған”, деді ҚР МИИР баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521