Үш жылда қазақстандықтардың зейнетақысы 27 % өседі

Үш жылда қазақстандықтардың зейнетақысы 27 % өседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ризвангүл Дараева айтты.

Спикердің келтірген мәліметіне сәйкес, қазір елімізде 2 млн астам зейнеткер бар.

«Жолдау шараларының бірі 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде 5 жылға жоспарланған арттыруды тоқтата тұрумен байланысты болды. Бұл шешім коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына кері әсерін тигізгенін ескере отырып қабылданды. Алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға және кеңейтуге ерекше назар аударылады», - деді Ризвангүл Дараева.

Оның айтуынша, 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100 %-дан 120 %-ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу көзделген.

«Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін артатын болады. Бұл ретте, базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрап, барлық 2 млн зейнеткерді қамтиды.Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға өсіруге (3 жыл ішінде – 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін) және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермейді»,- деді ол.

Сондай-ақ Ризвангүл Дараева БЖЗҚ-ның жаңа инвестициялық стратегиясы әзірленетінін мәләм етті.

«Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың зейнетақы жинақтарының табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы активтерін тиімді басқаруды арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте БЖЗҚ-ның жаңа инвестициялық стратегиясын әзірлеу және зейнетақы активтерін басқаруға инвестициялауда үлкен тәжірибесі бар кәсіби және ашық жеке компанияларды тарту жоспарда», - дейді спикер.

Бүгінде азаматтардың зейнетақы активтерінің бүгінгі көлемі 13 трлн теңгеден асты. Былтыр БЖЗҚ инвестициялық портфелінің табысы 11,13%-ды құрады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика