«Respublica» партиясы жаңа мүшелерінің саны бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр. Бұл туралы партияның осы облыстағы шаралары кезінде айтылды. Өңірде Парламент сайлауы қарсаңында халықтың саяси белсенділігінің жоғары екенін атап өтуге болады.
Осылайша, тек соңғы күндердің өзінде қоғамның барлық саласында күрделі реформалар жүргізу қажеттігін қолдап, партия қатарына 15 мыңнан астам адам қосылды. Ал «Respublica» өкілдерінің Қостанайдағы халықпен кездесуіне 1000-нан астам тұрғын қатысты.
– Біріншіден, белсенділіктеріңіз үшін сіздерге алғыс айтқым келеді. Соңғы кездері бір ғана Қостанай облысында «Respublica» партиясының қатарына 15 мыңнан астам адам мүшелікке өтті. Бұл біздің партияға деген сенімнің жоғары екенін және «Respublica» ұсынған саяси және экономикалық реформалар бағытын қолдайтындарыңызды көрсетеді. Біз сіздердің сенімдеріңізді ақтауға бар күш-жігерімізді саламыз, – деді партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров.
Қостанай облысының ауыл шаруашылығы облыс экономикасының екінші негізгі бағыты болып саналады. Өнеркәсіпте 119 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 25 пайыздан астамын құрайды. Өңірде егіс көлемі 5,1 миллион гектардан асып, жүздеген шаруа қожалықтары ірілі-ұсақты мал өсіреді, сүт-тауарлы, тіпті құлпынай фермалары дамып, ондаған инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Осылайша, ауыл шаруашылығының әртүрлі салалары дәл осы жерде кеңінен ұсынылған.
– Қостанай облысы үшін ауыл шаруашылығы – өте перспективалы сала. Ал бүкіл ел аумағында ауыл шаруашылығы саласын дамыту біз сайлауалды бағдарламамызда ерекше назар аударып отырған шешуші факторға айналып отыр. Күшті агроөнеркәсіптік сектор азаматтардың жоғары орташа өмір сүру деңгейін қамтамасыз етумен, өнімді жұмыспен қамтудың өсуімен, өңдеу өнеркәсібінің және жоғары технологиялардың даму дәрежесімен тікелей байланысты. Сондықтан біз ауыл шаруашылығында озық технологияларды кең көлемде қолдануды, саланы қаржыландыру мәселелерін шешуді жақтаймыз, – деді партия төрағасы.