Саяжайдан темір ұрлағандар қолға түсті

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 1,3 тармақтарымен азамат Б-мен Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Б. мен Н. өзара келісіп, өздерінің қылмыстық ойын іске асыру үшін 2019 жылдың 5 қарашасы күні бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау мақсатында Береке ауылының маңында орналасқан А-ның саяжай ауласына заңсыз кіріп, салмағы 233 кг, жалпы құны 5 825 теңге болатын қара темірлерді жасырын ұрлап, қылмыстық оқиға болған жерде бой тасалап, кетіп қалған.

Басты сот талқылауында сотталушылар Б. мен Н. саяжайдан жасырын ұрлап алған темірлерді иесі А -ға қайтарғанын, жасаған қылмыстық іс-әрекетіне өкінетіндігін, келтірілген залалды өтегендерін, жәбірленушімен өзара татуласқанын көрсеткен.

Жәбірленуші А. сотқа жолдаған арызында сотталушылармен татуласқанын, оларға қоятын ешқандай талабы жоқ екенін, кешірім беретінін көрсеткен. Сот қаулысымен Б. мен Н. ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 1,3 тармақтарында көзделген қылмыстық әрекеті бойынша осы Кодекстің 68 бабының 1 бөлігі негізінде жәбірленушімен татуласуына, келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс сот өндірісінен тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Өз тілшіміз

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT