Еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақысын өндіру туралы азаматтық іс бойынша тараптар татуласып медиативтік келісімге келді.
Махамбет аудандық сотында талап қоюшы А. жауапкер ШЖҚ КМК еңбек демалысына шығуына байланысты төленбеген сауықтыру жәрдемақысы бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық іс татуластырушы судьямен татуластыру рәсімін жүргізу кезінде татуласты.
Іс-құжаттарында талап қоюшы еңбек демалысына шығуына байланысты төленбеген сауықтыру жәрдемақысы бойынша берешекті өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.
Талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша дау (жанжал) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімдері келесі шарттар бойынша бекітілді: Жауапкер ШЖҚ КМК-ы 2021 жылдың 30 маусымына дейін талап қоюшы А-ға келісілген 2019 жылы еңбек демалысына шығуына байланысты төленбеген сауықтыру жәрдемақысы бойынша берешегін толық төлеуге міндеттенді.
Талап қоюшы талабынан бас тартты. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Аудандық соттың баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз